29.01.2018, 16:38
Оқылды: 76

Қазталовта ат спорты федерациясы құрылды

Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановтың төрағалық етуімен ат (бәйге) спорты федерациясын құру жөнінде құрылтайшылар жиыны өтті. Жиналысқа облыстық ат спорты  федерациясының президенті Мүтәлі Төреғалиев, ауданның атбегілері қатысты.

Бұл федерацияның басты мақсаты – атқосшылардың барлығының басын бір арнада тоғыстырып, бәйгеде шабандоздардың қауіпсіздік ережелерін сақтау, сәйгүліктерді баптау.

Сондай-ақ тиісті ережесін сақталмайтын бәйгелерді ұйымдастырудың алдын алу, бәйге аттарының қауіпсіздігін сақтау, ат жарыстарын ережеге сай ұйымдастыру да федерацияның негізгі міндетіне жатады.

Жиналыс барысында федерацияның жарғысы, құрылтайшысы мен келісім-шарты бекітіліп, мүшелері белгіленді. Ал федерация президенті болып ауданымызға аты мәлім атбегі Нұрлан Нұғыманов сайланды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале