11.09.2018, 15:00
Оқылды: 74

Қазталовта ауылішілік жол жөнделуде

Шілдеде Қазталов ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, жаяу жүргіншілер жолын төсеу  жұмыстары басталған болатын.

qaztalov koshe (1)

Бұл жұмыстарды Аманжол Кунеев  басшылық ететін  «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары Желтоқсан көшесінен басталып, қиыршақ тастар төселген. Тәуелсіздік, Ы.Сауанов, С.Даниялов, С.Датұлы көшелеріне де жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал Алма Оразбаева көшесіне автомобиль жолымен қоса жаяу жүргіншілер жолы жасалуда.  Бұл жұмыстарға 230 млн. қаржы жұмсалса, 15 адам жұмыспен қамтылған. Оның алтауы жергілікті тұрғын. Алты арнаулы техника пайдаланылуда. Медігер компания ауа-райы қолайсыздық келтірмесе 3116,9 метр автомобиль мен 1125,9 метр жаяу жүргінші жолын  жөндеу жұмыстарын жоспар бойынша қазан айында аяқтайтын көрінеді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

qaztalov koshe (2) qaztalov koshe (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале