19.05.2017, 17:32
Оқылды: 45

Қазталовта дала қызықтары өтті

Қазталов ауданында Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай ұйымдастырылған той дала қызықтарымен жалғасты.


Дала қызығына жиналған жұртшылықты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, осы тойды ұйымдастыруда демеушілік жасаған аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Дала қызықтарындағы  ұлттық ойындарға Ресейден, Атырау, Маңғыстау облыстарынан, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей орда, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау аудандарынан қатысты.

Көкпар ойынында бірінші орынды Жәнібек ауданы құрамасы, аударыспақтан Мақсот Ғалым (Жәнібек) жеңіп алса, тай жарыстан көктеректік Нұрболат Әдиетовтің тайы, құнан жарыстан көктеректік Дильшад Төлегеннің құнаны бірінші болып келді.

Ал аламан бәйгеден маңғыстаулық Әбдіғали Таңатаровтың «Алау» атты тұлпары оза шауып, бас жүлдеге тігілген автокөлікті қанжығасына байлады,

Дала қызықтары қыз қуу сынды ойындармен қыза түсті.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале