23.07.2020, 16:47
Оқылды: 29

Казталовта ерікті жастар ерлікке пара-пар істерімен көрініп жүр

Баршамызға аян, биылғы жыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Жыл басынан бері Казталов ауданының ерікті жастары қандайма жұмыстың болмасын бел ортасынан табылып, қайырымдылық шараларына да белсенді атсалысты. Былайша айтқанда айналасына қуаныш сыйлауды басты ұстаным санаған еріктілер өз еріктерімен қоғамға пайдаларын тигізуде.

A3EEAE89-7472-42E4-BCB7-075128A283E6

Осы орайда 22 шілде күні ауданымыздың ерікті жастары ауыл үлкендеріне арнайы барып, саулықтарын білді. Елімізде дерт белең алған кезде жасы үлкендерге қарайласып, көмектесу - үлкен ерлік. Еріктілер, әсіресе жалғызбасты қариялардың денсаулығын бақылап, жағдайларын жасауға ықпалдасты.

-Ата-әжеміздей болған қариялардың мұң-мұқтаждарын ескеріп, керек-жарақтарын қамтамасыз ету - басты міндетіміз. Еріктілер тобына келіп, түрлі әлеуметтік топтағы адамдармен жұмыс жасап, халықтың батасын алдық. Соның өзі бізге үлкен жігер береді, - дейді ерікті жас Нұргелді.

D995B0E1-8BD6-4B62-9D98-E0C9CA53BBE0

Иә, қазіргі қиын-қыстау кезде де еріктілер үйде қол қусырып отырмай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында біраз іске араласуда.

Елім деп еміренген еріктілердің ерен еңбегі ақталып, қоғам дамуында белсенді үлестерін қосарына сенім мол. Әрбір қазақ баласы жақсылық жасауға, жәрдемдесуге дағдыланса, алынбас қамал, бағындырмайтын биігі болмайды.

 Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале