11.09.2018, 14:14
Оқылды: 67

Қазталовта «Қазпошта» сыйлықтар ұтысын өткізді

Жалпақтал пошта байланыс бөлімшесінде пошта қызметі арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алушылар арасында сыйлықтар ұтысы өтті. «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» деп аталатын бұл акция еліміздегі пошта байланысының ұлттық операторы «Қазпошта» АҚ компаниясының 25 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылды.

20180910_152936

            -«Қазпоштаның» клиенттері болып жүргендеріңізге, пошта қызметіне сенім білдіргендеріңізге ұжымның атынан алғыс айтамын. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеміз. Бұл акция қазан айының 1-не дейін жалғасады. Поштадан зейнетақы және жәрдемақы бойынша есепшот ашқан клиенттерімізге арналған акция ойнатылады, - деді Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы Бейбіт Неғметуллин.

            Зейнетақы және жәрдемақы алуға арналған ағымдағы немесе карточкалық шот ашқан клиенттері 50 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейінгі сомаға «ТехноДом» дүкендерінен тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтыс ойыны ойнатылды.

            Бұл ұтыс ойында Жалпақтал ауылының тұрғындары Бадила Абсатарова мен Гүлназ Құспанова 50 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале