29.05.2018, 16:00
Оқылды: 22

Қазталовта медиация кабинеті ашылды

Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Шыныбеков, ауылдық округ әкімдері, аудандық соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Медиция кабинетінің ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Абат Шыныбеков: -Медиация заңының қолданылу мақсаты – бұл дауласушы тараптарды сотқа жеткізбей-ақ өзара бітімге келтіру, даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешу. Осы орайда ауданымызда халық арасында медиация түсінігін қалыптастыру, заңның тиімділігін ұғындыру мақсатында бүгін әдістемелік нұсқаулықтармен жабдықталған медиация кабинеті ашылып отыр. Енді осы кабинет ауыл азаматттары арасындағы өзара түсініспеушілікті жоятын, елдің бірлігін нығайтып, дауларды азайтатын орынға айналып, халық игілігі үшін жұмыс атқарады деп сенеміз, -деген тілегін жеткізді.

Жаңадан ашылған медиация кабинетінің лентасын аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Мұқанғалиева мен кәсіби емес медиатор Шынболат Өтешқалиев қиды.

Айта кетейік, аудамызда биылдан бастап 1 кәсіби медиатор Марат Харесұлы Тоясов қызметін бастама, ауылдық округтерде 22 кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасауда.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале