12.04.2018, 11:59
Оқылды: 66

Қазталовта «Рухани жаңғыру» және «Көрме» залы ашылды

IMG_644512 сәуір Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына 1 жыл толуына орай Қазталов ауданында «Рухани жаңғыру» және «Көрме» залы ашылды.

IMG_6450Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков, облыстық «Рухани жаңғыру» сараптама кеңесінің хатшысы Нұржан Төлепов бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша атқарылып жатқан істердің ашылған залдарда көрініс табуы келушілердің туған жерге деген сүйіспеншілігін және патриоттық сезімін тудырып, алдағы уақытта іргелі істердің атқарылуына ықпал ететіндігіне тоқталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале