27.04.2018, 10:28
Оқылды: 44

Қазталовтағы А.Оразбаева атындағы мектептің құрылғанына 150 жыл толды

 

IMG_7584 (1)Қазталов ауданында Алма Оразбаева атындағы орта мектебінің 150 жылдына орай «Еңбегің сіңіп мектепке, қалдырдың сара жолыңды» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Ғасыр жарым тарихы бар мектептің ұжымы мен оқушылары ұйымдастырған бұл кеште мектеп тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, ұстаздардан құралған хор әуелетіп ән шырқады. Кеште сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков мектеп ұжымын және ардагер ұстаздарды айтулы мерейтоймен құттықтап, ұстаздардың бала тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегі туралы кеңінен айтып өтті.

Киелі білім ордасы ұжымының жоғары талғамы мен кәсіби шеберлігінің үйлесімі тапқан бұл кеште оқушылар мен қатар ұстаздар ән шырқап, өлеңдер оқып, би де билеп берді.

Кештің бір ерекшелігі сахна төріне әр жылдары Алма Оразбаева мектебінде қызмет жасаған ардагер ұстаздар шақырылып, олардың жүрек жарды лебіздері тыңдалып, мектеп ұжымы атынан раушан гүлдері сыйға тартылды. Сондай-ақ кеште ұзақ жылдар білім ордасында қызмет жасаған Жәния Аронқызы әжеміз ақ батасын берді.

Кешке жиналған көпшілік 150 жылдық тарихы бар Алма Оразбаева атындағы білім ордасы ұжымының өнеріне тәнті болып, алғыстарын ыстық ықыласпен соғылған шапалақтары арқылы білдіріп жатты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале