24.08.2017, 16:26
Оқылды: 19

Қазталовтағы серіктестік 94 кәсіпкерді біріктіріп отыр

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Қазталов несие серіктестігі» ЖШС мүшелерімен кездесті. Кездесуде серіктестіктің төрағасы Абай Багисов серіктестіктің тыныс-тіршілігі туралы баяндады.


Қазталов ауданында шаруа қожалықтарының және кәсіпкерлердің басын біріктірген «Қазталов несие серіктестігі» ЖШС 2006 жылы құрылған. Серіктестік құрамында  94 ауыл шаруашылығы саласында қызмет жасап отырған шаруа қожалықтары мен кәсіп иелері бар. Олар серіктестік аясында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. Серіктестіктің жарғылық капиталы 53 709 000 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар кездесуде аудан әкім шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге біріктіру туралы ұсынысын білдірды. Оның айтуынша, кооперативтерге бірігу арқылы бәсекелестік қабілетті арттыру және нарықтық экономикада өз өнімдерін жоғары бағамен сату тиімділігі бар.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале