13.10.2017, 14:20
Оқылды: 9

Қазталовтық оқушы Чехияға жолдама алды

Алматы қаласында республикалық «Kazakhstan art Festival» интерактивті өнер байқауы өтті.

Қазталов балалар саз мектебінің қобыз сыныбының 3-сынып оқушысы Зере Нұрболатқызы «Аспапта ойнау» жанры бойынша Бас жүлдеге ие болып, Чехия қаласында өтетін халықаралық байқауына жолдама алды.

Қосөзеннің ортасында өскен кішкентай Зере енді өнерін шет елде бағындыратын болады. Жеңімпаз өнерпаздың ұстазы - Айгүл Салаватова.

 Жұлдыз АСҚАР,

Қазталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале