5.09.2018, 14:50
Оқылды: 25

Қазталовтық тұрғын 15 тонна қарбыз жинады

Бостандықтық Марат Баянғалиев 2008 жылдан бері бау-бақша өнімін өсірумен айналысады. 2-3 жылда жерін ауыстырып, уақтылы күтім жасайды.

2412297Бүгінде 2 гектар  жерге өнім егіп, еңбегінің жемісін көріп отыр. Бақшада қауын, қарбыз, қызанақ, асқабақ, қызылша сынды көкөністер бар. Биыл 15 тонна қарбыз жинаған. Бақша өнімдерін жәрмеңкеге апарып, халыққа тиімді бағамен сатуда.

            Ал Қайыңды жазғы демалыс лагерінде биыл алғаш рет тәжірибе ретінде бақша салынды. Бақшаның бағбаны Талғат Сапаровпен тілдескенде биылғы ауа-райына қарамастан өнім жақсы екенін айтқан болатын. Бау-бақша 1 гектар жерді құрайды. Қиярдан 1 тоннаға жуық өнім алса, қарбыз, қауын – 200, қызанақ, сәбіз, қызылша – 50-60, пияз – 70-80 килограмм жиналып отыр. Өнімдерді аудан орталығындағы жәрмеңкеге, мектеп интернатына тасымалдайды. Алдағы уақытта көлемін үлкейтіп, теректер отырғызу қолға алынбақ.

«Ауыл айнасы» ақпарат,

Қазталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале