9.08.2017, 16:20
Оқылды: 20

Қазталовтықтар малы өртеніп кеткен тұрғындарға көмек көрсетуде

Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қособа елді мекені тұрғындарының дала өрті салдарынан 598 бас уақ мал шығынға ұшыраған болатын.


Ауданда төтенше жағдай жарияланып, лезде арнайы жұмыс тобы құрылды. Өңірде жылу ұйымдастырылып, кеше ең алғашқы көмек көрсетілді.

-Ақпәтер ауылынан 38 бас, Қараоба ауылдық округінен 30 бас тоқты, Тереңкөлден 26 бас және Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінен уақ жандық жинақталуда. Сонымен қатар округіміздің «Аман» шаруа қожалығының жетекшісі Есет Хамитовтен 32 бас, «Еламан» шаруа қожалығының жетекшісі Ғабді Жұмалиевтен 20 бас және Нұрлыбай Жолдыбайұлы жетекшілік ететін «Дархан» шаруа қожалығынан 20 бас тоқты жинақталған болатын. Және Қайшақұдық, Сарықұдық, Бейістерек елді мекендері де қолдарынан келгенше көмектерін көрсетуде. Күні бүгін 176 бас мал жиналды. Көмек әлі де жалғасуда,-дейді Талдыапан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Үмбетқалиев

 Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Талдыапан ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале