27.11.2018, 13:02
Оқылды: 61

Кітапсүйер оқушылар байқауының жеңімпазы велосипед мінбек

Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылындағы Ораз Исаев атындағы мектепте оқушылар арасында «Кітап – сенің досың» атты байқау басталды.

5912260050_1d7c6294ef_z

Алғашқы күндері кітаптың маңызы жайында ғасырлар жүзінде халыққа мұра болып қалған дана сөз, мақалдар туралы әңгімеленіп, ауылдағы кітапсүйерлердің шақырылуымен «Артық білім – кітапта...», «Жақсы кітап жаныңды байытады» атты дәрістер ұйымдастырылды.

         Кітап оқу мәдениетін жетілдіру, халық сүйіп оқитын әдебиеттерді жерлес ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттауды мақсат еткен шарада ұл-қыздардың оқыған туындыларын мазмұнын тұжырымдап айта білуі, батырлар жырынан жатқа үзінді оқуы, шығарма кейіпкерлері жөнінде талдай білуі сарапқа салынатын болады. Бастауыштағылар мен жоғары сыныптағыларға байқау шарттары бөлек жасалды.

         Шара Наурыз мерекесінде мәреленіп, ең үздіктерге велосипед тарту етіледі.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале