19.06.2019, 17:16
Оқылды: 421

Қ.Мырзалиев атындағы мектепте «Street Workоut» алаңы ашылды

Сырым ауданының орталығындағы мектепте салынған алаңды Елбасының «Болашаққа ағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында мектептің 21 жылдық және 20 жылдық түлектері сыйға тартты.

IMG_1075

Алаңның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, сөз сөйледі:

 – Жүрегі «елім» деп соққан азаматтар жер-жерде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Туған жер» жобасына  үлестерін қосуда. Өскелең ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде бұл бағдарламаның маңызы зор. Біздің ауданда өткен жылы барлық ауылдық округтерде «Жерлестер форумы» өткізіліп,  «Туған жер» жобасы аясында  ауданда 18 млн. теңгенің жұмысы атқарылды. 36 млн. теңгенің жұмысына меморандумға қол қойылды. Биыл осы жоба шеңберінде 4,5 млн. теңгенің  жұмысы жасалды. Бұл жобадан тыс Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 1998, 1999 жылы бітірген түлектері ұрпақ үшін игі іс жасап жатыр. Елдің атынан сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Бұл істеріңіз – сіздердің елге, мектепке деген сүйіспеншіліктеріңіздің көрінісі, спортпен шұғылданатын, салауатты өмір салтын ұстанатын өскелең ұрпақ үшін  үлкен мүмкіндік, -деді Төлеген Серікқалиұлы.

IMG_1070

Ардагер спортшы Ғилаж Қаналиев: «Бұқаралық спортпен шұғылданатын халықты 30 пайызға жеткізу туралы Елбасы тапсырма берсе, бүгінде ауданда бұл көрсеткіш 28 пайызға жетті»,- дей келе, алаңды ел игілігіне  беріп отырған азаматтарға алғысын білдірді.

 Мектептің 1998 жылғы түлектері атынан Исатай Темірбаев пен 1999 жылғы түлектер атынан Жанбол Галиев сөз алды. Олар жастардың нысанды игілігіне пайдаланатынына сенім білдірді.

IMG_1078

Ардагер спортшы Ғилаж Қаналиев, 1998 жылғы түлек Исатай Темірбаев, 1999 жылғы түлек Чингиз Шайхиев алаңның лентасын қиды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале