23.12.2016, 9:51
Оқылды: 27

Қоғамдық кеңес отырысы

x-kenesЖелтоқсанның 22-сі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің Х отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев, мәслихат хатшысы С.Рахимов, қоғамдық кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.

Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Тасмағамбетов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, талқыланды. Бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Т.Нарушев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг нәтижелері жөнінде есеп берді. Екінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» мәслихат шешімінің жобасы жайында баяндама жасады. Ал, келесі сұрақ бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Айтмағамбетов «Аудан бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасын таныстырды. Сонымен қатар, төртінші мәселе бойынша мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова кеңестің келесі жылғы жұмыс жоспарын ұсынды. Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері әрбір жобаларды талқылап, сұрақтар қойып, өз ойларын білдіріп, шешім мен қаулы жобаларын бір ауыздан қолдады.

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале