12.08.2020, 16:58
Оқылды: 71

Қоғамдық қордан көмек келді!

Қазіргі таңда елдегі індет жағдайы кімді болмасын алаңдатпай қоймайды. Қиын-қыстау күн туғанда халықтың жанынан табылып, қолында барын бөлісе білген жандардың бар екені қуантады. Тасқала ауданының кәсіпкер азаматтары індетке шалдыққандарға медициналық аппараттар алып беріп жатса, жастар демеушілер тауып, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен көмек қолын созуда.

9DBD4342-D706-4288-B6CD-A75565C96C97

Жақында ауданға Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Сәби» қоғамдық қоры мен ел азаматы Иманғали Тасмағамбетовтен гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл Тасқала жұртшылығы үшін үлкен қолдау болды. Жеткізілген дәрі-дәрмек ауруына шипа іздеген жандарға аса қажет екені айтпаса да түсінікті. Індетке шалдыққан біраз жанның аурудан сауығуына септігін тигізгені сөзсіз. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш. Себебі індеттен жазылып шыққан әрбір науқас үшін бір жеңіс іспеттес.  

Осындай қиын кезеңде халық жанынан табылып, қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға мың алғыс. Біз, қазақ халқы, небір қиын кезеңдерді басымыздан өткеріп, бүгінгі күнге жеткен халықпыз. Бұйырса, осы дертті де бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға сенемін!

Нүрия Дүйсекешова,

Тасқала аудандық аурухана директорының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале