5.03.2018, 13:51
Оқылды: 15

«Көктем – 2018» оқу-жаттығулары басталды

Зеленов ауданында «Көктем-2018» оқу-жаттығулары басталды.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды пысықтаған кеңеске төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Т.Жүніс төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мен азаматтық қорғау қызметінің қырағы болуын қаперледі. Сондай-ақ кеңесте Зеленов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Т.Жакупов хабарлама жасап, командалық-штабтық оқу-жаттығулары жоспарын таныстырды.

Аудандағы азаматтық қорғау қызметі құрамындағы өртке қарсы, қоғамдық тәртіпті қорғау, медицина, газ шаруашылығы, электр желілерін тарту, инженерлік, жолдар мен көпірлер және сумен қамтамасыз ету, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, ақпарат, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғау, сауда және тамақтану, көлік қызметтерінің дайындығын пысықтау мақсатындағы республикалық оқу-жаттығу шарасы екі күнге созылмақ.

Н.Дүзбатыр,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале