27.01.2020, 18:42
Оқылды: 83

Қол күресінен аудан чемпионаты өтті

Бәйтерек ауданындағы Мичурин мектебінде қол күресінен 2002-2005 жылдары туған және одан да кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында аудандық чемпионат өтті.

 baiterek (1)

 Оған аудан мектептерінен 8 команда қатысты. Сайыс қорытындысында 2002-2004 жылы туған қыздар арасында 65 келіден жоғары салмақта Лилия Сәрсенбиева (Мичурин мектебі), 2002-2004 жылы туған ұлдар арасында 50 келі салмақ дәрежесі бойынша Артем Рыбалченко (Ульянов мектебі), 55 келі салмақта Ельдар Туранов (Ульянов мектебі), 65 келі салмақ дәрежесі бойынша Серікқали Гумаров (Мичурин мектебі), 70 келі салмақ  бойынша Алпамыс Тауасов (Асан мектебі), 2005 жылы туған және одан кіші қыздар арасында 55 келі салмақ дәрежесі бойынша Айгөлек Айғалиева (Мичурин мектебі), 65 келі салмақ дәрежесі бойынша Шахзада Қали (Батурин мектебі), 65 келі салмақ дәрежесі бойынша Людмила Шейко (Қ.Ахмирова мектебі), 2005 жылы туған және одан кіші топтағы ұлдар арасында 36 келі салмақ дәрежесі бойынша Әли Берікқали (Мичурин мектебі), 40 келі салмақ дәрежесі бойынша Жалғас Аят (Ульянов мектебі), 45 келі салмақ дәрежесі бойынша Әсет Мустафин (Мичурин мектебі), 50 келі салмақ дәрежесі бойынша Глеб  Шейков (Қ.Ахмиров атындағы мектебі), 55 келі салмақ дәрежесі бойынша Михайл Капинский (Макаров мектебі), 65 келі салмақ дәрежесі бойынша Тілекжан Мәлік (Трекин мектебі), 70 келі салмақ дәрежесі бойынша С.Железнов (Макаров мектебі) жеңімпаз атанды.

 Жалпы командалық есепте І орынды Мичурин, ІІ орынды Ульянов, ІІІ орынды Қ.Ахмиров атындағы мектеп командалары өзара бөлісті.

 

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале