9.04.2019, 12:13
Оқылды: 22

Қол күресінен қола жүлдеге ие болды

Талдықорған қаласында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бұлдыртылық Ерсұлтан Талғатов 70 келі салмақта қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев.

IMG-20190408-WA0022

         Cырым ауданы Бұлдырты мектебінің 9 сынып оқушысы Ерсұлтан Талғатов бүгінгі күні аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бұлдырты ауылындағы қол күресі үйірмесінде жаттығып жүр. Үйірмеге мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төлеген Құрашев жетекшілік етеді.

         Ерсұлтан республика чемпионатынан кейін армрестлингтен спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале