30.09.2019, 18:43
Оқылды: 180

Қосаралда волейболдан аудандық ашық турнир өтті

Сырым ауданы Қосарал ауылында бұқаралық спорттың дамуына бір кісідей ат салысып, жастарға үлгі бола білген Ғалиасқар Абуғалиевтің 60 жылдығына орай еске алуға арналған волейболдан ерлер арасындағы аудандық ашық турнир өтті.

IMG-20190930-WA0009

Ғалиасқар Ғұмарұлы біраз жылдар Сырым мектеп-балабақша кешенінде ұстаздық еткен, кейін ауылда ветеринарлық салада қызмет жасаған.

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған Қадыр Кенесарин, Елемес Халиуллин сынды құрдастары, жұмыстасы Абай Барасов, Аяп Ханғожин, бауыры Манарбек Хайрлиев Асқар Құмарұлының өмірінен естелік айтып, ұрпаққа үлгі етті.

Волейбол турниріне сегіз команда сынға түсті. Шыңғырлау, Бәйтерек, Теректі, Тасқала аудандарынан, Бұлдырты, Аралтөбе, Қособа, Қосарал ауылдарынан волейболшылар қатысты. Тартысқа толы кездесулерде командалар бір-бірімен өкшелес өнер көрсетті. Жарыс қорытындысымен Қособа ауылының командасы жеңімпаз атанды. Бәйтерек ауданының командасы екінші орынға тұрақтады. Бұлдырты ауылы командасы үшінші орынға табан тіреді. Аслан Дакешов «Үздік байланыстырушы», Алладияд Меңдібеков (Бәйтерек ауданы), «Үздік техникалық шебер ойыншы» - «Үздік шабуылшы» - Абзал Қуанышев, «Үздік қорғаушы» - Марлен Қонатаров (Тасқала) «Көрермен көзайымы» - Амангелді Меңдібеков сынды ойыншылар марапатталды.

Турнирді өткізуді мойындарына алып, басы-қасында жүрген ауыл азаматтары Думан Саханов, Нұрболат Сүйіншалиев, Тілеген Хамидуллин жүлдегер болған командаларға ақшалай өз демеушілігін көрсетсе, Асқар ағаның ұлы Ильяс Абуғалиев бірінші орын алған қособалықтарға сыйақы табыстады.

Алғаш рет ұйымдастырылған облыстық турнирді ауылдастары дәстүрге айналдыруға мүдделілік танытып отыр.

Гауһар Саханова
Қосарал ауылдық жастар комитетінін төрайымы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале