22.01.2019, 12:23
Оқылды: 21

Қоскөл округі ет экспорты бойынша алда

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев бастаған топ Қоскөл ауылдық округінің халқымен жүздесті.

qoskol (1)

Округ халқының алдында өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берген аудан басшысы Жанат Асантаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталды.

Қоскөл ауылдық округінің негізгі шаруашылық бағыттарының бірі мал шаруашылығы. Былтырғы жылдың есебі бойынша ірі қара мал саны 2 920, жылқы саны 255, қой-ешкі саны 7 013, құс 2 967 бас. 2017 жылмен салыстырғанда ірі қарамен жылқы малы санының өсімі байқалады.

– Мал басын асылдандыру бағытында ауылшаруашылық корпоративтерін құру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, мал шаруашылығы бағытында Қоскөлде 2, Шалғында 1 ауыл шаруашылық өндірістік корпоративі жұмыс жасауда.

Округте 2018 жылғы ет экспорттау тапсырмасына сай 57 бас ірі қара, 205 бас қой еті тапсырылып, жоспар артығымен орындалды, - дейді Қоскөл ауылдық округінің әкімі Қанат Мұқанов.

Округте тіркелген 23 шаруа қожалығы, 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі және 14 шағын кәсіпкер жұмыс жасауда. Халыққа 8 дүкен, 2 тойхана қызмет көрсетуде.

Кездесуде ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Серік Нығыметов аудандағы медицина қызметкерлерінің атқарған жұмысы туралы сауал қойып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның қызметтік көлігінің жағдайы сын көтермейтіндігін айтты.

Қойылған сауалдарға жауап берген аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Венера Елеусінова соңғы жылдары ана мен бала өлімінің, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің азайғандығын баяндады.

qoskol (2)

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале