4.07.2018, 11:36
Оқылды: 46

Қособада клуб құрылысы қарқынды жүруде

Kosoba klub (2)Маусым айының басында Қособа ауылынан 200 адамға арналған Мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Қособа ауылдық округіндегі кешегі жұмыс сапары барысында нысанның құрылысымен танысты.


Құрылыс бастығы Садықов Арыстанның айтуынша, бүгінгі күні ғимарат қабырғасының 40 пайызы қаланып болыпты. Kosoba klubҚабырғадан бөлек, іргетастың өзі нысан құрылысының 20 пайызын құрайтынын ескерсек, мәдени ошақтың құрылысы қарқынды жүруде деп сенімді айтуға болады. Нысанның іргесіне газ, су секілді коммуналдық желілер жеткізіліпті. Құрылыс бригадасының құрамында 16 жұмысшы еңбек етуде, оның 7-еуі - жергілікті жердікі.

Kosoba klub (1)Мердігер серіктестіктің өкілдерімен сұхбаттасқан аудан басшысы Төлеген Төреғалиев белгіленген меже өз алдына, ең бірінші кезекте жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

Айта кетейік, құны 90 млн. теңгеден асатын құрылыстың жұмысы алты айға жоспарланған.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале