2.11.2018, 15:39
Оқылды: 49

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Теректіде

Теректіде «Қыс – 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин арнайы келіп, оқу-жаттығудың қыс мезгілінде болатын төтенше жағдайларға дайындығын пысықтады.

terekti (7)

   Жиында Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Бақытжан Исхожин оқу-жаттығу шарасының мақсат-міндеттеріне тоқталды.

         Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов алаңда сап түзеген азаматтық қорғаныс қызметтері, байланыс құралдары, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, медициналық, инженерлік, энергетикалық қызмет, жол және көпір, қоғамдық тамақтандыру қызметі құрамаларының қыста болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын тексерді,

Тексеріс соңында әр құрылымның қыс мезгіліне сақадай сай екені анықталды.

terekti (3) terekti (6) terekti (11) terekti (12) terekti (13) terekti (14)

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале