28.07.2017, 17:44
Оқылды: 22

Қуаныш жүлдегер атанды

Орал қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылардың V республикалық спартакиадасының облыстық іріктеу кезеңінде бөкейордалықтар да бағын сынаған-ды.


Облысымыздағы он екі аудан мен Орал қаласы командалары қатынасқан айтулы додада Қуаныш Жұмашев 1500 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден І орынды иеленіп, қыркүйек айында Атырау қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды. Санат Бектасов ұзындыққа секіруден ІІІ орынға қол жеткізді.

Жарыс жеңімпаздары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

Бөкей Ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале