5.05.2017, 10:27
Оқылды: 25

Кубок Переметный мектебінде

Зеленов ауданы Переметный және Камен, Қ.Аманжолов атындағы қазақ мектебі оқушылары мен аудандық колледж студенттерінің қатысуымен «Ұлан» әскери-спорттық ойыны ұйымдастырылды.


Алдымен аудандық қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары Юрий Кауисов, аталмыш мектептің директоры Валентина Стародубец атаулы мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысушылар белтемірге тартылу, пневматикалық винтовкадан оқ ату, АК-74 автоматын жинап-шашу, жалпы, әскери қорғаныс жиынтығын кию, граната лақтыру, арқан тарту бойынша сынға түсіп, бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша, командалық есепте Переметный мектебі бірінші орынды еншілеп, ауыспалы кубокқа ие болды. Ұпай сандарынан тең түскен Камен және Қ.Аманжолов мектептері екінші, ал колледжге үшінші орын бұйырды.

 Д. БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале