23.05.2019, 16:00
Оқылды: 65

Мәдениет саласының ардагерлерін құттықтады

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов мәдениет саласының ардагерлерімен кездесті.

DSC_0079

         Мәдениет қызметкерлері күніне орай өткен қабылауда аудан басшысы оларға игі лебізін арнады, жылдар жүзіндегі еңбектерінің жемісіне бөленуді тіледі. Ардагерлер өз ой-пайымдарын ортаға салды.

         -Ауданымызға, облысымызға танымал композитор болған Ж.Қуанғалиевке оның Жұбан атындағы ауылдың мәдениет үйіне ескерткіш тақта орнатылса нұр үстіне нұр болар еді, - деді бұрын аудандық мәдениет үйінің жетекшісі болып ұзақ жыл жұмыс жасаған белгілі композитор Ғұбайдолла Хибашев.

         Ал Еділбай Меңдешов Жұбан Молдағалиевтың алдағы 100 жылдығына байланысты мазмұны терең, идеясы берік шаралар өткізілуі қажеттігін қаперге салды.

         Ардагерлерге естелік сыйлықтар берілді.

Әли Асқар

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

DSC_0084 DSC_0093

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале