27.07.2017, 12:20
Оқылды: 63

Май-ірімшік зауытының жұмысымен танысты

Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Дариян ауылындағы  халықты  табиғи азық–түлік өнімімен  қамтып отырған  «Каверин С.М» жеке шаруашылығының май-ірімшік зауытында болып, нысанның жұмысымен танысты.


Нысандағы атқарылып жатқан жұмыс барысы жайында  зауыт басшысы Сергей  Каверин:

-Нысанның жалпы көлемі – 1,3 гектар, ал цехтың көлемі  400 м2. Кәсіпорын тәулігіне  10 тонна чечель ірімшігін, 400 килограмм сары май даярлайды. Өндіріс орнында 42 адам жұмыс жасайды. Өнімдеріміз Орал қаласынан бөлек еліміздің Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Астана, Ресейдің Самара, Орынбор, Казань қалаларына сұраныс бойынша жіберіледі. Сүтті жергілікті тұрғындардан жинаймыз,- деді.

Өз кезегінде аудан басшысы жұмысшылардың жалақысын өндіріске сай әрі уақытында берілуін, жұмысқа жергілікті тұрғындарды жұмылдыруды ескертті.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале