22.11.2019, 16:28
Оқылды: 43

Мал ұрлығына қатысты жедел шара өтті

Жақында Жәнібек ауданында «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, оған аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы арасынан 14 қызметкер қатысты.

janibek urlyq

 Сонымен қатар бұл топқа ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінен бір қызметкер қосылды. Аудандық полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Амандық Жақсығалиевтің айтуынша, шара барысында мал ұрлығына қатысты 5 адам ұсталса, 1 қылмыстық топ анықталған. Әрі ет өнімін сататын екі орын тексерілген. Сондай-ақ 8-15 қыркүйек күндері белгісіз тұлғалар көршілес Бөкейорда ауданының жайылымынан бір жылқы ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жәнібек ауданының А. және Г. есімді азаматтары ұсталып, қылмыстық іс аудандық сотқа жолданған.

Қысқасы мал ұрлығына қатысты қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале