11.08.2017, 14:26
Оқылды: 28

Малынан айырылғандарға өтемақы төлеуге құжаттар рәсімделуде

Қазталов ауданы əкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин, Талдыапан ауылдық округінің әкімі Асқар Есқалиев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиев, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбайұлы Қособа елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.


-Өңірде жылу ұйымдастырылып, қолымыздан келгенше көмек көрсетіп келеміз. Ендігі кезекте мектепке баратын 30 баланың оқу құралдарымен киім кешектерін алып беруге жәрдемдесетін боламыз,-деді Нұретдин Ихсанұлы.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Аманжол Қажығалиевтің айтуынша, бірдейлендіру дерек қорында тіркеуде бар мал басына өтемақы төлеудің жолдары қарастырылып, бүгінгі күнде құжаттары рəсімделуде екен.

Кездесуде сөз алған ауыл тұрғыны Бауыржан Нұрғалиев:

-Бүгінгі күні елді мекенімізге 165 бас уақ мал келді. Бұған дейін 176 бас мал келген болатын. Дегенмен өрт кезінде зардап шегіп қайтыс болған ініміздің қайғысы жанымызға батады. Інімізді жерлеу рəсімінде қолымыздан келгенше қаражат жинап, ағайындарына көмектестік. Көмегіміз тоқтамайды. Əлі де көмектесетін боламыз. Енді мына аудан тарапынан жылу ұйымдастырған аудан əкімшілігіне, ауданымыздың шаруа қожалық жетекшілеріне, Талдыапан ауылдық округі əкімшілігіне, барша жерлестерге көмек көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз,-дейді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Талдыапан ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале