11.07.2018, 12:20
Оқылды: 71

Мәжіліс депутаты Теректі ауданына келді  

 

deputat Imesheva (2)Теректі ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Снежана Имашева келді.


 

Халық қалаулысын аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов қарсылап, аудан көлемінде жасалған және жоспарда тұрған бірқатар жұмыстармен таныстырып өтті.

Алдымен депутат Юбилейный ауылындағы Госплемстанция ЖОББМ-ін  аралап, тыныс-тіршілігіне қанықты. 2015 жылы пайдалануға берілген білім ордасының бүгінгі күйі керемет. Оқушылар алаңсыз білім нәрімен сусындап, облыстық, республикалық додалардың алдында келеді.

deputat ImeshevaПодстепный ауылындағы 290 орындық «Бәйтерек» балабақшасы 2012 жылы ашылған болатын. Қазір 13 топтың әрқайсысында 25 бүлдіршіннен тәрбиеленуде. Дегенмен ауылдық округте балақбақша жетіспеушілігі ерекше айтылатын. Округ әкімі С.Мәдиев депутат С.Имашеваға  екі жеке балабақша ашылғалы бұл мәселе күн тәртібінен түскендігін мәлімдеді.

Аталмыш округтегі дәрігерлік амбулаторияның да тіршілігі бірқалыпты. Ол жөнінде депутатқа амбулатория меңгерушісі Динара Бахтыгереева айтты. Жас маман мекеме ішіндегі барлық бөлмелермен жіті таныстырып, халық қалаулысы ақ халатты абзал жандармен тілдесті.

deputat Imesheva (1)Жұмыс сапарының соңғы нүктесі Подстепный ауылындағы Мәдениет үйінде қойылды. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған мәдениет ошағы 300 адамға арналған. Бақандай 20 жыл бойы ауыл халқы осы ғимаратқа зар боп келген еді. Қазір Подстепный ауылының халқы Мәденит үйін нағыз демалыс орнына айналдырып, балғындар түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын өткізуде.

Сонымен қатар Мәдениет үйінде медиация кабинеті де жұмыс жасайды. Жұмыстардың барлығын көзбен көрген С.Имашева Мәдениет үйі директоры А.Қуанышқалиеваға және барлық ұжымға сәттілік тіледі.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале