18.03.2017, 12:08
Оқылды: 55

Мерейтой иесін ұлықтаған күн

Қазталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің мәдениет үйінде еңбек ардагері Нағым Ризуановтың 80 жасына орай «Елім деп соққан жүрегі...» атты шығармашылық кеш өтті.


Нағым Ризуанұлы бұрынғы Фурманов ауданы, Қарақоға ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс болған ол орта білім алып, Фурманов ауданының Сталин атындағы колхозда колхозшы болып еңбекке араласқан. Зейнет демалысына шыққанға дейін аудандық суландыру жүйесі мекемесінде басшылық қызметте болды.

Кештің барысында еліне адал қызмет атқарған Нағым ақсақалды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, иығына шапан жапты.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов, ауданның мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, Жалпақтал, Жаңажол ауылдық округтердің әкімдері Самиғолла Ақмурзин, Арман Алдабергенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, қоғамдық ұйым өкілдерінің төрағалары, еңбек ардагерлері Нағым ағамызды мерейлі 80 жасымен құттықтап, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. 

Ұлықтау кешінде сөз алған Нағым Ризуанов осындай игі шараны ұйымдастырған ауылдастарына, аудан әкімшілігіне шексіз ризашылықпен алғыс айтты. Кеш барысы сахна төріне шыққан ақ жаулықты әжелеріміз бен өнерпаздарымыздың сазды әндерімен ажарлана түсті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жаңажол ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале