6.02.2020, 18:18
Оқылды: 58

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шыңғырлауда

Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетовтың халық алдындағы алғашқы есептік кездесуі өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

chingirlau (2)

Мұхтар Наурызбайұлы алдымен алдағы уақытта жүзеге асатын инвестициялық жобалардың көрмесімен танысты. Кондитерлік, тігін, ағаш, темір өңдеу цехтерінің өнімін тамашалап, аудан көлемінде жүзеге асырылатын инвестиция жобалар - кэмпинг, асыл тұқымды ірі қара, қой шаруашылығы жобаларының иелерімен жүздесті.

Сонымен қатар облыс басшысының бірінші орынбасары аудандағы Жастар жылында»атқарылған жұмыстарды және Еріктілер жылына жоспарланған шараларды баян ететін роликті тамашалады

chingirlau (4)

Бұдан кейін Мұхтар Наурызбайұлы «Астана» азық-түлік супермаркеті мен «Домстрой» сауда орталығының жұмысымен танысты. Өткен жылы ашылған сауда орталықтары жұмысымен «Астана» ЖК-ның өкілі Р.Камзаев таныстырды. Өз бизнесін жандандыру үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Fortebank-тен 30 млн. теңге несие алып, ісін дөңгелеткен кәсіпкер барлығы 29 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді.

 Кейін облыс басшысының бірінші орынбасары Шыңғырлау ауылындағы күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйінің ғимаратының жай-күйін көрді.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале