26.12.2017, 17:38
Оқылды: 20

Облыс әкімінің орынбасары Ақжайық ауданында болды

Бүгін Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов келді.

Бударин ауылына аялдаған орынбасар аудан әкімі Әділ Жоламановпен бірге Мәдениет үйінде әжелер ансамблімен жүздесті.

Сонымен қатар ол Бударин орта мектебінде шәкірттермен әңгімелесті.

Аудан орталығы – Чапаевтағы агротехколледжге бас сұққан Ғабидолла Оспанқұлов цехтарды, зертханаларды, кітапхананы аралады. Облыс әкімінің орынбасары аудандық емханада, осында жуырда ашылған фитнес залда, тарихи-өлкетану мұражайында, «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымында, аудандық орталық кітапханада болып, еңбек ұжымдарының жыл ішіндегі жетістіктеріне, алдағы меже-мақсаттарына қанықты.

Қазір Ғ.Оспанқұлов дәстүрлі жастар форумына қатысуда.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале