30.01.2018, 10:59
Оқылды: 37

Облыс чемпионатынан жүлделі оралды

Орал қаласында гір спорты мен қол күресінен Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионаты өтті. Спорт сайысында Жәнібек ауданының спортшылары табысты өнер көрсетті.

Атап айтқанда, гір спортынан 2002 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында 68 келі салмақ дәрежесінде Нұрахмет Мейрамов пен 73 келі салмақта Мерген Задоров екінші, 1995 жылы туған және одан үлкен ерлер арасында 78 келі салмақ дәрежесінде Қанат Ералиев пен +78 келі салмақта Серік Самодиянов екінші орынға ие болды. Ал қол күресінен ерлер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Сағынбек Атаев бірінші орынды иеленсе, 75 келі салмақта Қанат Ералиев пен 55 келі салмақ дәрежесінде Мейрамбек Қабатов үшінші орыннан көрінді. Олар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының медалімен және дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

-Біздің осындай жарыстарға қатысуымызға ылғи да демеуші болып, жомарттық танытып жүрген жеке кәсіпкер Ақжан Есниязовқа ризашылығымыз шексіз,- дейді спортшы жігіттер.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале