22.01.2018, 13:16
Оқылды: 80

«Өлеңті ауылына әлеуметтік нысандар керек!»

Бұл ұсынысты өлеңтіліктер Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықовтың Өлеңті ауылынының тұрғындары үшін өткізген есептік кездесуінде көтерді. Бүгінгі күні ауылда округ әкімдігі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, модельді кітапхана, пошта өкілі мен медициналық пунктті біріктірген әлеуметтік қызметтер орталығы жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары Өлеңті ауылына жаңа медициналық амбулатория мен клуб керек деп отыр.

Нысандардың әзірге салынатыны не салынбайтыны белгісіз. Бірақ, Өлеңті ауылының негізгі мәселелері рет-ретімен шешіліп келеді. Былтыр ауыл балалары білім алатын Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің дәлізі мен кейбір сынып бөлмелері ағымдағы жөндеуден өтіп, мектеп айналасы абаттандырылды. Мектептен ауылға шығаберіс бетке жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жақсылықтар биыл да жалғаспақ. Мәселен, осы жылы ауылдың кіреберіс жолы асфальтталатын болды. Бұл жұмыстарға аудандық қазынадан 86 млн. теңге қарастырылған.

Ауыл тұрғыны, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Тауфик Елубаев ауыл мектебінің ауыз су жүйесінен ақау шыққанын, мектепте су болмайтынын айтты. Жиналысқа қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов мектеп басшылығын мәселені кешіктірмей шешуді тапсырды. Біздің саралауымызша, бұл іске тек мектеп емес, аудандық білім беру бөлімі араласуы керек. Ата-аналардың да талабы солай.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Өлеңті ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале