31.05.2019, 18:33
Оқылды: 29

Өңір басшысының орынбасары – Жаңақалада

Жаңақала ауданына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев келді.

IMG_6804

          Қызылоба ауылдық округінің аумағындағы «Қарасу, Төртқұлақ» көлтабандарының басында болып, қақпаларды тазарту және жөндеу жұмыстарымен танысты.

         Биылғы аудан бойынша атқарылып жатқан құрылыс көлемі ауқымды. Аталмыш маңызды мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауына алынып, 2017 жылы «Төртқұлақ, Қарасу» лимандарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақталынған еді. Жобаның жалпы құны – 58, 895 млн.теңге.    Айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – мал азығының берік қорын жасақтау, шөптің шығымын көтеру, лимандарға су шығару. Жоба бойынша 12 су реттегіш қақпаны күрделі жөндеу және 38 шақырым каналды механикалық тазалау көзделген.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале