4.06.2018, 15:58
Оқылды: 27

Ордада мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді

Бүгін Бөкей ордасы ауданы орталығында Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ту, Елтаңба, Гимн – елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, Отанды, жерді сүйуге тәрбиелейтін айшықты белгілер. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі.

Аталмыш шарада мемлекеттік рәміздер және автокөлік шеруі өтті. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов құттықтау сөз сөйлеп, Мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұсынды. Одан соң шахмат, шашка ойындарымен жалғасты.

Айша ҚҰРМАШ

Бөкей ордасы ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале