2.03.2017, 17:18
Оқылды: 23

Ордалық спортшылар топ жарды  

 

Жуырда облыс орталығы Орал қаласында қазақ күресінен облыстық жарыс өтті.


-Палуандар бәсекесіне Бөкей Ордасы ауданының спортшылары да қатысып, жүлделі орынға ие болды,- деп хабарлайды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы М.Ғиылманов.

Нұрбек Ғазезов 66 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, республикалық бәсекеге жолдама алды. Ал 82 келіде Нұралы Әбілкәрімов 3 орынды иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале