18.09.2018, 12:30
Оқылды: 73

Орыс тілінде білім беретін мектептер – шағын мектептер

Бұл жайлы Зеленов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин мәлімдеді.

 brifing

- Елді мекендерге мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектептер салу қажеттілікке байланысты. Бізде жеті қазақ, тоғыз орыс, жиырма тоғыз аралас мектеп бар. Орыс тілінде білім беретін мектептер – шағын мектептер. Мәселен, Краснов №3 бастауыш мектебінде небәрі 8 бала оқиды. Онда бала саны аз, әрі тұрғындары орыс ұлтының өкілдері болғандықтан екі класс ашуға мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар Өркен ауылындағы тұрғындар негізінен қазақтар болғандықтан, онда мемлекеттік тілде білім беретін оқу ордасы бар. Ондағы өзге ұлт өкілдері де осы білім ошағында оқиды. Трекин ауылында екі тілде оқытатын мектеп бар. Бұл ауылдағы қазақ тілінде білім беретін мектепте орын тар. Сондықтан, жоғарыда айтып өткенімдей, аудан әкімінің ұсынысымен Трекин және Достық ауылдарында мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектеп салуға құрылыс бөліміне тапсырма берілді.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале