4.02.2019, 18:18
Оқылды: 58

Парламент Мәжілісінің депутаттары Бәйтерек ауданында болды

Бүгін Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анар Жаилғанова мен Артур Платонов сайлаушылармен кездесті.

  деп                                       

         Алдымен Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Нұралықызы сөз сөйлесе, одан соң ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов кеңінен ой қозғады.

-Сіздердің аудандарыңызға алғаш рет келіп отырмын. Өте қуаныштымын.Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелердің жүзеге асырылуы, құқық қорғау органдары бойынша заңнамалардың орындалуы барысымен танысу мақсатында Сіздермен кездесіп отырмыз.

Елбасымыздың бастамасымен елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асып келеді. Бұның бәрі әрине, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Екі аптада бір рет Үкімет сағаттарын өткізіп тұрамыз. Министрлер халық қалаулылары алдында есеп беріп, орын алған пролблемалардың шешу жолдарын талқылаймыз. Соның шеңберінде арнайы ұсыныстар қабылдаймыз.

Бүгінгі таңда сайлаушылармен жиі кездесулерге шығып тұрамыз. Жалпы алғанда, халықтың елімізде жүзеге асып жатқан іргелі істерге деген көзқарасы оң, - деді Анар Нұралықызы.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен кездесуде халық қалаулылары жергілікті сайлаушылар қойған сауалдарға жауап қайтарды.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Кездесу барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, медбике Елена Шушлебина Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелердің жүзеге асырылуы жөнінде өзіндік ойларын ортаға салды.

Биылғы Жастар жылы аясында жүзеге асыралатын жоба-жоспарлар, халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жастардың еңбекке орналасуы сынды мәселелер жайы да талқыланды.

деп 2

деп 1

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале