4.05.2017, 16:30
Оқылды: 37

Партиялық жоба қолға алынды

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Думан Ғазез мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады.


Шара барысында Сағынғали Досщанов мәдениет және спорт бөлімінің атқарған жұмыстарына қарны ашитынын айтты. Басқа спорт сайыстарын айтпағанда,  мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өтетін жарыстардың мүлде тоқтап  қалғанын жеткізді. Ал ІІІ топ мүгедегі Людмила Денисова талай жылдан бері әлеуметтік қызметкер ала алмай жүргеніне налыды. Оның сұрағын тыңдаған аудандық мәслихат депутаты Думан Ғазез  қалада тұратын қос ұлының тіркеуі ауданда болғандықтан, заң жүзінде әлеуметтік қызметкер берілмейтін ескертті.

Немерелерінің болашағына алаңдаған Жұмағаным Жақсығұлова да ауданымызда спорт үйірмелерінің аздығын айтады. Сондай-ақ 30 жылдан астам өзі тұрып келе жатқан Т.Жароков көшесіне көп жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмегенін, ол жақта тұратын зейнеткерлерге қиын екенін жеткізді.

Өз сөзінде депутат Думан Ғазез құзырлы органдарға депутаттық сауал мен түскен ұсыныстарды жеткізетін айтты. Алдағы уақытта мұндай қабылдау әр ауылдық округтерде жүргізілетін болады.

Әсемгүл Серікқалиқызы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале