5.06.2017, 18:44
Оқылды: 49

Рәміздер күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

Жәнібек ауданында ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық мекеме-ұйымдардың арасында волейболдан, дойбыдан, шахматтан жарыс өтті.

25 жылдық мерейтойға байланысты ұйымдастырылған сайыста дойбыдан сәйкесінше бірінші, екінші, үшінші орындарды Алмат Молдағалиев (Т.Жароков атындағы орта мектеп), Сағынбек Стамов (жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы), Әлішер Кенжеғалиев (аудандық мәдениет және демалыс саябағы) қанжығаларына байлады.

Ал шахматтан Серік Масанов, Мұқас Темірғалиев, Ермек Жұмагереевтер жүлделі орындарды өзара бөліссе, волейболдан 1-орынды Жәнібек колледжі, 2-орынды Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 3-орынды балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы және мектептен тыс жұмыстар орталығының командалары ие болды.

Сайысқа қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале