23.02.2018, 15:54
Оқылды: 22

Республикалық ақпараттық-насихат тобы аудан активімен кездесті

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау және халық арасына түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудан активімен кездесті.

Актив жиынына ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Миржан Сатқанов, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер және мекеме-ұйым басшылары қатысты.

Жиында сөз алған ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов: - Елбасы халыққа арнаған Жолдауында басты он міндетті айқындап көрсеткен болатын. Міне, осы орайда біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек. Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мақсатында олардың санын 20-30 пайызға дейін өсіру, осы арқылы жаңа кадрларды даярлау басты міндетіміз. Бұл технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берері сөзсіз, -деді.

Сонымен қатар активте «Нұр Отан» партиясы Қазталов ауданы филилалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, Қазталов орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет  пәнінің мұғалімі Жасұлан Шүкіров Жолдаудан туындайтын міндеттерді түсіндіре келіп, өз салалары бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға да тоқталып өтті. Актив жиынын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин Елбасы Жолдауы жүктеген міндеттерді орындау елімізді жаңа биікке көтеретінін, ол үшін бүкіл ел болып жұмыла жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ топ мүшелері өткен жылы пайдалануға берілген 100 орындық интернаттың жұмыс жағдайымен де танысты.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале