18.04.2017, 12:55
Оқылды: 28

Рухани жаңғыру – маңызды қадам

????????????????????????????????????

  Қаратөбе колледжі ұжымы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.

   Елбасы мақаласын талқылау жиыныңда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттің дамуына, елдегі бірлік пен келісімнің нығаюына жетелейтіндігін маңызды қадам деп баға берді.


       Жұдырықтай жұмылған ұлт болып бейімделуіміз қажет.

    Латын әліпбиіне көшу, туған жерді көркейту, гуманитарлық білім беру, құндылықтардың бүкіл қазақстандық шеңберін құру, замандастарды құрметтеу – барлығы нақты тапсырмалармен ұласады, барлығына іске асырылатын уақыт берілген, - дейді.

  Аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев:

-Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын» дегені - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс. Елбасы туған жер, өскен ел тақырыбына маңыз беріпті. Туған жер мен ата-ана алдындағы парыз бен қарызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, санасына сілкініс әкелетін қадам деп қабылдадым.

  Сонымен қатар қазақ елінің экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетті бола білуі, ол үшін білім мен ғылымды терең меңгеру қажеттігі – оқыған адамға ой саларлықтай құндылық деп білемін, - дейді.

  Елбасы мақаласына өзіндік ойын білдірген аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы, ақын Ертай Бимұханов: «Мен жеке басым прагматизмге қалай келдім? Мен өлең өлкесіне бірден келе салған жоқпын. Алдымен газет-журналдардан өлең оқып жүрдім. Бала кезімде қолыма қайдан түскені белгісіз, Мәскеудің бе әлде Алматының суреті ме, қазір есімде жоқ, сол суреттерді көріп, бірдеңе айтқым келді ме, әйтеуір, ерекше бір күй кештім. Тебірендім. Толғандым. Содан өлең жаза бастадым. Өлең жаза жүріп, айтысқа түстім. Айтыста жүріп, жауапкершіліктің не екенін ұғына бастадым. Өлең жазу – бір басқа, ел алдында айтысу бір басқа екендігін түсіндім. Санамда сілкініс пайда болды. Ол қандай сілкініс? Білімге ұмтылу, оқып-үйрену. Осы орайда алдымда талантқа қоса айқын мақсат, білім қажеттілігі тұрды, - деді өз сөзінде.

  Талқылау жиынында колледж ұстаздары Ғалия Жолдығалиева, Жаннұр Аманжолқызы, Нұрбек Есенжанұлы сөз сөйлеп, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

  Баршаға ой салар тағылымды шараны қорытындылаған колледж директоры Мәулен Аманшаұлы Елбасы мақаласынан туындайтын тапсырмаларды орындауда нәтижелі жұмыстар атқарыла берілетіндігін жеткізді.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале