29.11.2019, 11:14
Оқылды: 151

Садақада карта ойнау қашан тыйылады?

Қаратөбе ауданына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев және өкіл имамның кеңесші-көмекшісі Әлімхан Нұрмұханұлы келіп, аудан әкімі Жанат Асантаевтың қабылдауында болды.

 qaratobe imam (2)

Одан кейін Мұратбек Мұхтарханұлы мен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлының қатысуымен аудандағы діни ахуал мен өзге де өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Қоғамда орын алып отырған кейбір келеңсіздіктер әңгіме өзегіне айналып, жиынға қатысушылар өкіл имамға біраз сауал қойды. Жаназаға оқушылардың қатысуы немесе зират  тұрғызудағы даңғазалық пен ысырапшылық төңірегіндегі сауалдарға Мұратбек Қыстаубаев дін тұрғысынан нақты жауап берді. Жастар теріс ағым жетегінде кетпеуі үшін қоғам болып күресу керектігіне баса назар аударды.

qaratobe imam (1)

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қазіргі таңда оқушылардың дінге қызушылығы басым екеніне тоқталып, пайғамбар жасына жеткен ақсақалдар мешітке барып, уағыз тыңдап, балаларына, немерелеріне дұрыс жол көрсетсе деген ойын жеткізді.

Жиын соңында Мұратбек Қыстаубаев қасиетті Қаратөбе жерінде садақада да карта ойнау ақылға қонымсыздығын алға тартып, жат қылықтан жирену қажеттігін әңгімеледі.

Тұрсынай Боранбайқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале