14.11.2018, 16:30
Оқылды: 63

Сарытоғайға көршілердің көшпелі көрмесі келді

Атыраудан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Индер бөлімшесінің көшпелі көрмесі Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылында болды.

Безымянный3

         Бұл шара Сарытоғайдағы орта мектеп директоры Бауыржан Өмірзақовтың ұйытқы болуымен іске асты. Аталған мұражай бөлімшесінің меңгерушісі Надежда Айдарханова, маманы Талапқали Идекешов және жетекші экскурсовод Зәуреш Оспанның ұйымдастыруымен келген көрмедегі археологиялық, этнографиялық жәдігерлермен, тарихи тұлғалар туралы деректермен мектеп оқушылары, тұрғындар қызыға танысты. Қазба байлықтардың түрлері, сонымен қатар Индер ауданының шежіресі, экономикасы туралы сарытоғайлықтар талай мысалға қанықты.

Тарихи тұлғалар Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы, жазушы-драматург Есенжол Домбаев, мәдениет майталманы Абдолла Мұсағалиев, әнші Табылды Досымов және басқалар, табиғатынан өнердің хас шебері Ізім Баймағамбетовтың төл туындысы – сүйектелген домбыра (көшірмесі), көптеген экспонат жайында көрме иелері жан-жақты әңгімеленді.

Жайық өзенінің түбінен шыққан, ертеде тіршілік еткен мамонттардың жауырын сүйегі, тоқпан жілігі көрген көзді алыптылығымен таң қалдырады. Көрмеде кезінде мемлекетімізді ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Қонаевтың Индер өңіріне жасаған сапары хақында да тарих тіл қатып тұрды.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале