30.07.2020, 19:03
Оқылды: 81

Саябақта серуендер күн таяу

Жыл санап Ақжайық ауданы орталығы – Чапаев ауылы көркейіп, ажары айшықталуда. Ауылымыздың сәнін үстеген нысандардың қатарына жуырда тағы бірі қосылмақ.

EEAB8A33-A0F4-465D-9BDA-DD9F3718128B

Ауқымды құрылыс жұмыстарының бірі Қонаев көшесінің бойында 3600 шаршы метрлік аумақта жүргізілуде. Мұнда болашақта орталық саябақ ашылып, үлкеннің де, кішінің де  жақсы демалысы үшін барлық жағдай жасалмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен 63 миллион бөлініп, бүгінде мердігер мекеме – «Эврика» ЖШС болашақ саябақтың жерін тегістеп, брусчатка төсеу жұмыстарын бастаған. Төрт айдың ішінде жасыл желек отырығызылып, алаң аумағы қоршалып,  орындықтар, жол аяқтар, жарықшамдар орнатылады. Сонымен қатар тутұғыр, монументалды арка жасақталмақ. Алдағы уақытта осы алаңды жалғастыра балалар ойын алаңы да бой көтереді.

C9C806EB-F4D3-4D90-A7DC-131A56427D29

Сондай-ақ Чапаевтағы орталық жабық базардың құрылысы аяқталып, бірқатар көшелерде жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары жалғасуда.

Әсет Сағынтайұлы,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Азамат Қанапия

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале