31.05.2019, 13:09
Оқылды: 95

Саяси қуған-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Бөкей ордасы ауданы орталығындағы «Қару аманаты» саябағында 31 мамыр – саяси қуған-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті.

IMG_0091

Онда аудандық мұрағаттың басшысы Қуаныш Елемесов қазақтың аса зиялы біртуар азаматтарын «Халық жауы», «Алашордашыл» деген айыппен жазықсыз айыпталып, жер аударылып, ату жазасына кесілген, жаппай мал, дүние-мүліктерін тәркіленіп, саяси қуған-сүргінге ұшырап, құрбан болғандар туралы баяндама оқыды. М-С.Бабажанов атындағы мектептің шәкірттері ашаршылық тақырыбында өлеңдер оқыды.

IMG_0080

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов аудан жұртшылығы атынан ескерткішке гүлтәжін қойды.

IMG_0078

Саяси қуған-сүргін және ашаршылық құрбандары үнсіздікпен еске алынып, аудандық мешіттің имамы Қуандық Насыров дұға бағыштады.

Айша Құрмаш,

Бөкей ордасы,

zhaikpress.kz

IMG_0075 IMG_0076

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале