18.07.2019, 18:25
Оқылды: 178

Сенат депутаттары әлеуметтік көмек алып отырған аналармен кездесті

Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев келіп, жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек алып отырған аналармен кездесті. Кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

oznor

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Саламат Иманғалиевтің айтуынша, биыл жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек аудан бойынша 469 жанұяға тағайындалған екен. Осы отбасылардың атынан сөз алған азаматшалар мемлекеттің мүмкіндігін балалардың білім алуы, ауладағы өндіріс және тұрғын үй мәселелерін шешу жолында пайдаланып жатқандарын айтты.

-Әлеуметтік көмекті қаржылай табыс деп емес, бақуатты өмірге жету жолындағы көмек деп түсіну керек. Мемлекет кейінгі кездері әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөлуде. Қай мәселенің де әлеуметтік әрі құқықтық қыры болады. Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті алу барысында да құқықтық мәселелер орын алып жатқаны жасырын емес. Табысын жасыру, көмек тиесілі болуы үшін қасақана ажырасу секілді жайттар бізді өте алаңдатып отыр. Біз қазақ жанұяларынан балаларын еңбекке баулуды сұрар едік. Мемлекет үшін ең қауіпті нәрсе – тәрбиеленбеген бала. Балалар ата-анасынан үкіметке арқа сүйей беруді, үнемі біреуден қолдау, демеу күтуді үйренбей, өз беттерімен адамдық жолына түсуді үйренсе екен, – деді сенатор Ерболат Мұқаев.

Ресми кездесуден соң ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев аналармен бала тәрбиесі, жанұядағы әйелдердің орны жөнінде пікірлесті.

"Сырым елі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале