10.08.2018, 11:03
Оқылды: 59

«SENIM»-ге сенім білдірді

Жаңақала аудандық орталық ауруханасында өткен жиынға «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы міндетін уақытша атқарушы Махамбет Құсайынов және медицина саласының қызметкерлері қатысты.

сенім жаңақала (1)

            Басқосуда Махамбет Құсайынов жаңадан ашылған кәсіподақ бірлестігінің жұмысын толық түсіндіріп, оның басымдықтары мен артықшылықтарын сөз етті. Мұнан кейін Ербол Салықов кәсіподақ ұйымының жұмысын ширату, түйінді түйткілдерін шешу жайында әңгіме өрбітті.

            Кездесуде денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің мәселелері және оларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі талқыланды.

            Жиын соңында Жаңақала аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне сенім білдіріп, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале